Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ
Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - деп хабарлайды Almaty.tv Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулері 12 сәуірде тіркелген.
Сейсмологтар су айдынында жергілікті уақыт бойынша сағат 00:47-де, 22:46-да және 02:45-те үш жерасты дүмпуін тіркеді. Оның екеуінің магнитудасы 3,2-ні, ал үшіншісінікі – 4,6-ны құрады. Жер сілкіністерінің ошақтары сәйкесінше 18, 32 және 74 шақырым тереңдікте орналасқан.
Мүмкін болатын қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 11 сәуір күні таңертең Каспий теңізінің акваториясында магнитудасы 3,3 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын.
Оқи отырыңыз: Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға арналған акция өтеді