"Апасы тізерлеп жалынған": Жамбыл облысында 6 жастағы бала ауруханада қайтыс болды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бала ауруханаға жатқанымен, диагноз қойылмаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында ауылдағы ауруханада алты жастағы бала қайтыс болды. Туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Не болған?

Қайтыс болған баланың жақындары әлеуметтік желілерде оның 29 қыркүйектен бастап ауырғанын айтты. Олар учаскелік дәрігерге жүгінген, бірақ олардың айтуынша, ешқандай көмек көрсетілмей, үйіне қайтарып жіберілген.

"Баланың апасы дәрігерге тізерлеп жалынып, әрең 7 қазанда ғана ауруханаға жатқызды. Бала ауруханаға жатқанымен, диагноз қойылмаған, бала ауырғанда тек "Креон" дәрісін бере берген. Бүгін 10 қазанда баладан айырылып қалдық дейді", - деді баланың туыстары.

Денсаулық сақтау басқармасы не дейді?

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы баланың туыстарының шағымына қатысты пікір білдір.

"Бала ауруханаға жоспарлы түрде әжесімен бірге жатқызылған. 2025 жылғы 7 қазаннан бастап клиникалық хаттамаға сәйкес тиісті тексерулер мен ем жүргізілді. Баланың жағдайы орташа деңгейде болған. 2025 жылғы 10 қазанда сағат 06:55-те бала кенеттен қайтыс болды", – деді басқармада.

Ведомство өкілдері өлімнің себебін анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын қосты.

"Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Ішкі істер бөліміне хабарлама жолданып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Толық мәліметтер сараптама қорытындысын алған соң беріледі", - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Шымкент жастары 451 пәтерді заңсыз иемденген

Новости партнеров