Апатты жағдайдағы ғимараттарға тексерісті министрлік емес, әкімдік жүргізеді - министр

Тиісті құжатты Парламент мақұлдаса, алдағы уақытта талап өзгереді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Апатты жағдайдағы ғимараттарға тексерісті министрлік емес, әкімдік жүргізеді». Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте журналистердің сауалына жауап берген Өнеркәсіп және құрылыс министрі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, жаңа Құрылыс кодексіне сай енді бой көтеретін нысандардың кепілдік мерзімі ұзарады. Яғни, компаниялар құрылыс объектісіне бес жылға дейін, ал шатырға, қасбеттерге он жылға дейін кепілдік береді.

Айта кетейік, қазір оның мерзімі 2 жыл. Егер тиісті құжатты Парламент мақұлдаса, алдағы уақытта талап өзгереді.

«Өкінішке қарай, сапаны тексеру функциясы министрліктің құзыретіне кірмейді. Ол – жергілікті әкімдіктердің міндеті. Олар құрылыс сапасының талаптарға сәйкестігін тексеруі тиіс. Министрліктің ондай өкілеттігі жоқ», – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Оқи отырыңыз: Ортақ мүлікті жөндеу: тұрғындар үшін нұсқаулық

 

 

 

Новости партнеров