Аптап ыстық: алдағы күндері ауа райы қандай болады
Almaty.tv
Кезеңнің басында шығыс өңірлерде, ал кезеңнің ортасынан бастап оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, баяу жылжитын батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де әсер етеді. Осыған байланысты ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді және дауылды жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Мына өңірлер жаңбырлы болады:
- 9-11 маусым күндері республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде;
- 11 маусымда оңтүстік-шығысында.
Кезеңнің басында шығыс өңірлерде, ал кезеңнің ортасынан бастап оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.
Күндізгі ауа температурасы:
- еліміздің батысында +27...+35°С дейін жоғарылайды;
- солтүстігінде +17...+28°С дейін төмендейді;
- солтүстік-шығысында және орталығында аптап ыстықтың аздап бәсеңдеуі байқалып, +25...+33°С болады;
- оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +27...+35°С шамасында сақталады;
шығысында +32...+39°С дейін жететін ыстық ауа райы сақталады.
Оқи отырыңыз: Ауа райының тосынсыйы: синоптиктер маусым айына болжам жасады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00