Аптап ыстық, нөсер жаңбыр: 5 тамызда ауа райы қандай болады

04.08.2026 21:57

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады

Depositphotos.com

Синоптиктер 5 тамыз, сәрсенбі күніне арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, күндіз:

  • Атырау облысында ауа температурасы +35...+37°С-қа дейін;
  • Маңғыстау облысында +38...+40°С-қа дейін;
  • Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде +35°С-қа дейін көтеріледі.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін» делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Елдің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Республика аумағында жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал», – деп мәлімдеді синоптиктер.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады.

Өрт қаупі жоғары:

Батыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстігі мен шығысында, Алматы облысының шығысы мен орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігі мен батысында, Қостанай облысының батысы, шығысы және орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында, Түркістан облысының солтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және орталығында, сондай-ақ Жетісу облысының оңтүстігінде.

Төтенше өрт қаупі:

Атырау, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі және шығысында, Қостанай облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында және Ұлытау облысында, Абай облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігі, шығысы және орталық бөлігінде сақталады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 3-9 тамыз аралығында ауа райы қандай болады