Ақпаратқа сүйенсек, елдің басым бөлігінде күн жылы, кей кездерде ыстық болса, солтүстік пен солтүстік-шығыс үсік жүреді
«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстандағы мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақпаратқа сүйенсек, елдің басым бөлігінде күн жылы, кей кездерде ыстық болса, солтүстік пен солтүстік-шығыс үсік жүреді.
Мамырдың басында еліміздің барлық аймағында ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты нөсер болады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін. Айдың бірінші онкүндігінің басында (1-10 мамыр аралығында) батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда үсік жүруі ықтимал.
Алғашқы 10 күнде синоптиктер ауа температурасының мынадай ауытқуларын болжайды:
Мамырдың екінші және үшінші он күндігінде еліміздің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерінде ең ыстық күндері ауа температурасы күндіз +33…+41 градусқа дейін, ал Қазақстанның оңтүстігінде +44 градусқа дейін көтеріледі. Салқын күндері термометр бағандары түнде +3…+10 градусты, күндіз +18…+25 градусты көрсетеді.
Солтүстікте және шығыста ауа температурасының ауытқуы түнде – +2…+9 градус, жекелеген аудандарда топырақ бетінде – +1…+18 градус, күндіз +16…+33 градус болады деп болжануда.
Оқи отырыңыз: Алматыда 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында ауа райы қандай болады