235 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік білім беру капиталын отандастарымыз осы жылдың 31 тамызына дейін алады. Ол биылдың бірінші жартыжылдығында 5 жасқа толған немесе толатын балаларға есептеледі. Мемлекеттен осы материалдық қолдауды алу үшін «Отбасы банктен» «AQYL» білім беру жинақтау салымын ашу қажет. Бүгінде 6 мыңнан астам ата-ана аталған депозиттерді ашып үлгерген. Бағдарламаның ерекшелігі мен оның шарттары қандай?
Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы «Отбасы банкі» қалалық филиалының директоры Данагүл Түсіпова жауап береді.
– Данагүл Тілеуберліқызы, «Келешек» бағдарламасы туралы айтып өтіңізші. Ол не үшін керек? Артықшылығы неде?
«Келешек» мемлекеттік бірыңғай жинақтау жүйесі болып табылады. Бұл жүйе ата-аналар балалардың болашағына ақша жинап, олардың білім алуына, ЖОО-ға түскен кезде ақысын төлеуге арналған бағдарлама. Бағдарлама аясында, яғни мемлекет тарапынан бірыңғай ақша бөлінетін болады. Бастапқы капитал деп аталынады, мемлекет тарапынан көмек болып табылады. 60 АЕК, бір рет беріледі. Егер де биылғы АЕК-пен айтатын болсақ 235920 теңге. Ал жетім балаларға және де ата-анасының қорғауынсыз қалған балаларға сомма 2 рет көбейтіледі, яғни 120 АЕК құрайды».
– Ал бағдарлама шарттары қандай? Қалай жұмыс істейді?
«Иә, бұл бағдарламаға қатысу үшін, біріншіден, балаларға ақылы депозит ашу қажет. Бастапқы капитал балалар 5 жасқа толғанда, олардың ашылған «AQYL» депозитіне аударылатын болады. Сондықтан да қазіргі таңнан бастап барлық ата-ана балаларына «AQYL» депозитін ашуға шақырамыз. Ата-ана міндетті түрде ай сайын, жылына бір рет ең минималды салымды салу қажет болады. Ол бүгінгі таңда 24 АЕК құрайды. Теңге шақсақ, 2025 жылдық АЕК бойынша 94 мың теңге. Ал егер де балалар әлеуметтік осал топтарға жататын категорияда болатын болса, онда жаңағы ай сайын, жылына бір рет салынатын минималды салым сомасы 12 АЕК құрайтын болады, яғни 47 мың теңге. Бұл сомманы бірден салса болады жылына бір рет немесе айына бөліп-бөліп, жылдың соңына дейін салу мүмкіндігі бар».
– Бағдарлама жайлы қосымша ақпаратты қайдан алуға болады? Қандай құжаттар керек?
«Бағдарлама бойынша сұрақтар болатын болса, «Отбасы « барлық кеңесшілеріне, бөлімшелеріне немесе «Отбасы банктың» контакт-орталығына хабарласса болады.
Балаға депозит ашу үшін міндетті түрде туу туралы куәлік керек және де ата-анасының бірі «AQYL» депозитін аша алады.
Ал жетім және ата-анасының қорғауынсыз қалған балаларға, мемлекет тарапынан ақша түскеннен кейін, міндетті түрде салым салу деген талап жоқ. Депозитінің пайыздық мөлшерлемесі бар. «Отбасы банктен» «AQYL» депозитін ашқан кезде пайыздық мөлшерлемесі – 13,58 % құрайды, жылдық, яғни сыйақысы. Сонымен қатар мемлекет тарапынан 5 %, 7 % мемлекеттік қосымша сыйақы жүргізіледі. Бұл жаңағы айтып өткен бастапқы капиталдан бөлек. Сондықтан да барлық сұрақтар бойынша «Отбасы банктың» кеңесшілеріне немесе контакт-орталықтың 300 нөміріне тегін хабарласса болады.
Оқи отырыңыз: Елімізде 360 миллионға жуық дәрі-дәрмек таңбаланған