Арақ-шараптың қажеті жоқ: СҚО-да ішімдік ішпейтін ауылда қылмыс тіркелмеген

Ботагоз Жокенкызы
Polisia.kz
Polisia.kz

Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғындары 2 жыл бұрын арақ-шараптан толығымен бас тартқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

СҚО-да ішімдік ішпейтін елді мекендердің қатарына тағы бір ауыл қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

СҚО-ның Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғындары 2 жыл бұрын арақ-шараптан толығымен бас тартқан. Содан бері мұнда бірде-бір ауыр немесе аса ауыр қылмыс тіркелмеген, ұрлық пен отбасылық жанжалдар да жоқ.

"Арақ-шараптың қажеті жоқ, керісінше жұмыс істеу керек", – деді жергілікті тұрғындар.

 Ішімдіктен бас тартуды ұсынған бастамашылардың бірі – Біржан Шаймерденов.

"Біз мұнда жұмыс істей бастағанда ауылда 28 үй ғана болды, қазір олардың саны 80-нен асып отыр. Халық саны – 315 адам. Біз адамдарды осында көшуге шақырамыз, жұмыс орнын ұсынамыз, өндірісті арттырамыз, – деді ол.

Оқи отырыңыз: Амал дәптері: Алматыда әкелерге бағыт-бағдар беретін кітап жарық көрді

Новости партнеров