Оқиға болған кезде қызметкер еңбек демалысында болған
Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
39 жастағы Арал ауданының тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды. Қанды қылмыс болған күні учаскелік полиция инспекторы дене жарақаты салдарынан қайтыс болған. Облыстық Полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын бақылауда ұстап отыр.
«Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына денесін жарақаттап, салдарынан қайтыс болған. Оқиға болған кезде қызметкер еңбек демалысында болған. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – деді ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.
Оқи отырыңыз: Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған әйел сәбидің өмірін қиды