Алматы музейінде «Ер дәулеті – еңбек» атты көрме өтеді

18.08.2025 12:51

Көрме тамыз айының соңына дейін жалғасады

“Объединение музеев города Алматы”

Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осы орайда 2025 жылдың 5-31 тамыз аралығында Алматы музейінде «Ер дәулеті – еңбек» атты көрмесі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv Алматы қаласының мұражайлар қауымдастығына» сілтеме жасап.

Көрменің мақсаты – Қазақстанның жеңіл және ауыр өнеркәсібінің тарихына шолу жасап, жұмысшы мамандықтарының маңызын көрсету, сондай-ақ келешек ұрпақтың кәсіптік бағдарын қалыптастыруға ықпал ету.

Көрме экспозициясына Алматы қаласы тарихы музейі қорынан алынған, Алматы мақта-мата комбинаты (АХБК), Алматы үй құрылысы комбинаты (АДК), Жетісу аяқ-киім фабрикасы, Алматы керамикалық зауыты, Алматы ауыр машина жасау зауыты (АЗТМ), Тамақ өнеркәсібі саласы: шай, нан, кондитерлік өнімдер Алматы галантерея фабрикасы, Алматы метрополитенінің және басқа да өнеркәсіп саласының жұмысшыларының жұмыс киімдері, құрал-саймандары, архивтік фотосуреттері, жұмысшылардың медальдары мен марапаттары және т.б. түпнұсқа музей жәдігерлері көрермен назарына ұсынылады.

Экспозиция аясында жұмысшы мамандықтарының даму тарихы, өндіріс мәдениеті және еңбек адамының қоғамдағы орнына ерекше назар аударылады. Аталған көрме еңбекке деген құрметті арттырып, өндірістік мұраны бағалауға бағытталған маңызды мәдени шара.

Көрме тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 18-24 тамыз аралығында ауа райы қандай болады