Мемлекеттік кеңесші бұл мемлекеттік саясаттың жүйелі әрі дәйекті сипатын бекітетінін айтты
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар екінші оқылымда 6 Конституциялық заңды қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, аталған конституциялық заңдар пакетінің қабылдануы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық бастамалардан нақты құқықтық тетіктерге дейінгі жүйелі әрі дәйекті сипатын бекітеді.
«Бұл – жаңартылған мемлекеттік-саяси модельдің құқықтық негіздерін нығайтатын 2026 жылғы Конституциялық реформаны жүзеге асырудағы аса маңызды кезең», - деді Ерлан Қарин.
Оқи отырыңыз: Парламент «Президент туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады