Күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр
Астанада сұмдық жағдай болды. 30 жастағы әйел анасымен жанжалдасып, ашуға булыққан күйі оған аяусыз пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмған. Ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады. Күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
«Әйелдің пышақ жарақаты белгілері бар, мәйітінің табылуына баланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қылмыс жасады деген күдікпен оның 30 жастағы қызы анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде», – деді Сарыарқа ауданы Полиция басқармасының бастығы Данияр Жанқұлов.
Оқи отырыңыз: Үнемі аз ұйықтау денсаулыққа қаншалықты қауіпті