Аталған келісім Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылған
Алматыдағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі мен әлеуметтік интеграция орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құжат екіжақты серіктестікті нығайтып, инклюзивті ортаны дамыту және әлеуметтік жобаларды бірлесе жүзеге асыруға бағытталған. Аталған келісім Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылған «Ашық жүрек» атты тағылымдық іс-шара кезінде жүзеге асты.
«Балалар естігенде қатты қуанды. Олар шеберлік сағат аясында түрлі таға,тәттілерді пісіріп қйренгенді жақсы көреді», – деді орталық жетекшісі Жанна Бекенова.
Іс-шара аясында колледж студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері шоколадты печенье, табиғи лимонад пен канапе дайындау бойынша шеберлік сағатын өткізді. Сондай-ақ инклюзив мәдениетін насихаттауға арналған концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылған. Орталық жетекшісінің айтуынша, басты мақсат – жастардың бойында мейірім, жанашырлық, әлеуметтік жауапкершілік сияқты адами құндылықтарды қалыптастыру. Әрі, ерекше қажеттілігі бар жандармен тығыз қарым-қатынас жасап, тәрбиесіне ықпал ету.
«Осы интеграция орталығымен бірге еңбек етіп, оларға қолдау көрсету маңызды. Жоба жүзеге асады деп ойлаймын», – деді колледж директоры Айнұр Мұқажанова.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жүк көліктеріне шектеу енгізіледі