Астана аспанында жойғыш ұшақтар шоуы өтеді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада 15 мамырда ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған байланысты 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, барлық жаттығу мен демонстрациялық ұшулар қауіпсіз биіктікте жүргізіледі және қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен демонстрациялық ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқамерзімді шу деңгейінің артуына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Қорғаныс саласы өкілдері барлық ұшудың қауіпсіздік талаптарына сай ұйымдастырылатынын және тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ екенін атап өтті.

Сонымен қатар демонстрациялық ұшу кезінде қолданылатын түрлі түсті түтіндердің тек көрнекілік мақсатта пайдаланылатыны, олардың қоршаған ортаға зиян келтірмейтіні айтылды.

Оқи отырыңыз: Ана-мен баланы қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асып жатыр - Аида Балаева

Новости партнеров