Жібек жолы ауылының тұрғыны отбасын жауыздықпен өлтіріп, денелерін бөлшектеп, жан-жаққа көміп тастаған
Астана маңындағы Жібек жолы ауылында отбасын қырып тастаған күдікті қазір реактивті психоз күйде. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов оның стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сөзінше, тергеу аяқталуға жақын. Жантүршігерлік оқиға бойынша іс адам өлтіру бабы бойынша тергеліп жатыр.
Еске сала кетейін, наурыз айында Жібек жолы ауылының тұрғыны отбасын жауыздықпен өлтіріп, денелерін бөлшектеп, жан-жаққа көміп тастаған.
«Қазір бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі аясында тергеуді аяқтап жатырмыз. Күдікті стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өтіп жатыр. Ол қазір реактивті психоз күйде», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Оқи отырыңыз: Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдіктінің ақыл-есі дұрыс