Астана қаласындағы базарлардың бірі өртеніп кетті

Оқиға орнына 95 құтқарушы мен 25 техника жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана қаласындағы базарлардың бірі отқа оранды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан ангар типтес бір қабатты ғимараттағы екі дүңгіршек өртенген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өрт сөндірушілер жеткен кезде жалын күш алып, нысанның құрылыс ерекшелігі мен қою түтін өртті ауыздықтауды қиындатыпты. Оқиға орнына 95 құтқарушы мен 25 техника жұмылдырылып, тілсіз жау дер кезінде тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ.

«6 қараша 2025 жылдың 07:22 минутта Сарыарқа ауданы Ы. Дүкен көшесі 32/1 мекенжайы бойынша сауда бутиктерінің жанып жатқаны хабарлама келіп түсті.. Бөлімшелер келіп жеткенде бутиктердің 150 шаршы метр аумақта жанып жатқаны байқалды. Атқарылған жұмыстардың арқасында өрттің таралуының алдын алдық», – деді ТЖД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Мауленбердиев.

Оқи отырыңыз: Жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысып, бір адам ажал құшты

Новости партнеров