Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза болды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, соның салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«22 маусымда шамамен сағат 11.30-да Жоламан әуеайлағы маңында (Астана қаласы) оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы авиациялық оқиғаға ұшырады. Алдын ала мәліметке сәйкес бортта екі экипаж мүшесі болған. Экипаж мүшелері қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Хабарламада ұшақтың жеке тұлғаға тиесілі екені айтылады.

Министрлік оқиғаны тергеп-тексеру үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылатынын мәлімдеді.

«Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиғаға орнына барады», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Семейде жоғалып кеткен 7 жастағы бала таңға жуық орманнан табылды

Новости партнеров