Astana Media Week: сарапшылар мамандарды даярлау және медиасаланы дамыту мәселесін талқылады

30.09.2024 10:20

Бұл үрдіс одан әрі жалғасуда және қоғамдағы медианың рөлін нығайту жолында 2024 жылдың медиа оқиғасы тағы бір маңызды қадам болды

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Медиа компаниялардың жетекші сарапшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері және танымал журналистер индустрия алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іскерлік бағдарлама медиа трансформация процестеріне қатысатын және аудиториямен өзара іс- қимыл жасаудың жаңа форматтарын іздейтіндердің бәрі   үшін тартымдылық орталығына айналды.

Анық емес мәсеелелердің артуы әрі заманауилықтың дағдарыс жағдайы  салдарынан медиакеңістік  терең өзгерістерге ұшырауда. Сондықтан бүгінде ұлттық медиаэкожүйенің тұрақтылығын нығайту, аудиториямен өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын табу және бұрын-соңды болмаған инновация деңгейінде журналистикаға деген сенімді қалыптастыру бұрынғыдан да маңызды.

Сегіз жыл ішінде Astana Media Week Қазақстанда медианың дамуына айтарлықтай әсер еткен бастамаларды жүзеге асырды. Бұл үрдіс одан әрі жалғасуда және қоғамдағы медианың рөлін нығайту жолында 2024 жылдың медиа оқиғасы тағы бір маңызды қадам болды.

Astana Media Week 2024 ашық диалог, инновация және процесске қатысушылардың бәрі бірлесіп күш-жігерлерін жұмсайтын әрі қазақстандық медиа индустрияның болашағы қалыптасатын платформа болып табылады.

Биылғы жылы медианы құқықтық трансформациялауға, көпплатформалы экожүйелерді дамытуға, өңірлік, спорттық және салалық журналистикаға, балалар контентіне және әлеуметтік шиеленісті басқарудағы ахуалдық орталықтардың рөліне ерекше назар аударылды.

Биылғы жылы іс-шараға DW (Германия), NHK (Жапония), Азия-Тынық мұхиты хабар тарату орталығы (ABU), CGTN (Қытай), TRT World (Түркия), «Яндекс плюс», Setanta Sports (Грузия) сынды халықаралық медиа ұйымдар өкілдері қатысты.

Сарапшылар мен индустрия көшбасшылары өздерінің бірегей көзқарастары мен тәжірибелерін ұсынды, бұл қатысушыларға жаһандық трендтерге енуге және медиакоммуникация саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз: Елімізде 20 млн тонна астық бастырылды