Астанада 9-қабаттың терезесінен секірмек болған қыз құтқарылды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Құтқарушылардың әрекетінің арқасында 2010 жылы туған жасөспірім аман қалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қайғылы жағдайдың алдын алып, жасөспірім қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Б.Майлин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 9-қабаттағы терезе алдында қыздың отырғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар пәтер есігін ашып, қызды қауіпсіз жерге шығарған.

Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде тұрғын үйдің алдына арнайы «өмір кубы» орнатылған.

Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында 2010 жылы туған жасөспірім аман қалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

ТЖМ азаматтарды төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуға шақырды.

Оқи отырыңыз: Астанада LRT екі аптада 1 млн жолаушы тасымалдады

Новости партнеров