Максим Сажнев диск лақтырудан Азияның үздігі атанды
Гонконгта өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Максим Сажнев тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Qazathletics жазуынша, Шымкент қаласының өкілі диск лақтыру сайысында 60,45 метр нәтиже көрсетіп, құрлық біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды. Осылайша ол барлық қарсыластарын артта қалдырып, Азия чемпионы атанды.
Бұл көрсеткіш Максим Сажневтің жеке рекорды ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның 20 жасқа дейінгі спортшылары арасындағы жаңа ұлттық рекорды ретінде тіркелді.
Жас атлеттің бұл жеңісі қазақстандық жеңіл атлетика үшін маңызды жетістік саналады. Спортшыны жарысқа жаттықтырушы Руслан Игнатьевич дайындаған.
Айта кетейік, Максим Сажневтің Азия чемпионатындағы жеңісі Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медальді сыйлап, ел спортының абыройын асқақтатты.
Оқи отырыңыз: Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай