Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр
Астанада бір түнде екі адамның терезеден секіріп, қаза табу фактісі анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
18 желтоқсанда полицияға «Хайвил» тұрғын үй кешенінің аумағынан мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен.
Тексеру барысында ер адамның жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Сондай-ақ қала аумағындағы басқа бір тұрғын үйдің 18-қабатынан тағы бір адам құлап кеткен. Аталған екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында балық аулауға шығып, жоғалып кеткен азаматтар табылды