Ол жұрттың назарын аудару үшін әдепсіз бейнелер жариялаған
Астанада даулы видео жариялаған танымал блогер қамауға алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Блогер әрі көңіл көтеру орнының арт-директоры жұрттың назарын аудару үшін әдепсіз бейнелер жариялаған.
«Видеода мекеме қонақтарына тиіскен сәттері, бейәдеп қылықтар мен балағат сөздер бар. Бұл жазбалар қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды. 33 жастағы азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін 15 тәулікке қамауға алынды”, - делінген хабарламада.
Полиция қаралым мен “лайк” үшін заңды бұзуға жол берілмейтінін ескертеді. Мұндай әрекеттер заңға сәйкес қатаң тоқтатылады.
Блог жүргізетін азаматтар арандатушы немесе қорлайтын материал жариялау жауапкершілікке әкелетінін ұмытпауы тиіс. Интернет те заң мен моральдан тыс емес.
Оқи отырыңыз: Түркістанда 6 айлық бала терезеден құлап, мерт болды