Шаттл-маршруттар жолаушыларды қаланың бес нүктесінен жеткізеді
Елордада 1 тамыз күні әлемге танымал америкалық әнші Jennifer Lopez-дің концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлығы жетуі және көлік кептелісін азайту мақсатында осы күні арнайы шаттл-маршруттар қатынайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, жолаушыларды қаланың бес нүктесінен «Астана Арена» стадионына жеткізеді және концерт аяқталғаннан кейін қайта алып кетеді.
Шаттл бағыттары:
Шаттл автобустар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды.
Кептеліс пен автотұрақтағы қиындықтардың алдын алу үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен, таксимен немесе арнайы шаттл автобустарымен қатынағаны жөн.
Оқи отырыңыз: Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ абаттандырылады