Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ абаттандырылады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімдігі қоғамдық кеңістіктерді дамыту ісін жалғастырып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімдігі қалалық ортаны абаттандыруға әлеуметтік жауапты бизнесті тарту бағытында жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Жоба аясында «Целинный» заманауи мәдениет орталығының жанындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы скверді жаңарту жұмыстары басталады. Бастамаға «АТЦ-Галерея» ЖШС-гі қолдау білдіріп, барлық жұмысты өз қаражаты есебінен қаржыландырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Абаттандыру жұмыстары заманауи және табиғатқа зиян келтірмейтін экологиялық әдістер арқылы жүргізіледі. Барынша табиғи ландшафт пен қолданыстағы жасыл желек сақталып, аумақ көгалдандырылады. Жайлы жаяу жүргіншілер жолдары салынып, шағын сәулет пішіндері мен заманауи энергия үнемдейтін жарықтандыру жүйесі орнатылады. Сондай-ақ демалысқа арналған жайлы аймақтар ұйымдастырылып, суды үнемдеп пайдалануды интеллектуалды түрде бақылайтын автоматты суару жүйесі қосылады.

А. Байтұрсынұлы атындағы скверді абаттандыру жобасы оның тарихи маңызын сақтай отырып, таза ауада серуендеп, тынығып, емін-еркін жүздесуге жайлы орта қалыптастыруды мақсат етеді.

Жоба жүзеге асқаннан кейін аумақтың экологиялық жағдайы жақсарады: шудың және жылу жүктемесінің деңгейі төмендеп, ауа сапасы артады, табиғи тепе-теңдік сақталады. Алматы қаласының әкімдігі қоғамдық кеңістіктерді дамыта отырып, тұрғындар үшін жайлы орта құруды жалғастырады.

Оқи отырыңыз: Алматыда жылумен жабдықтау қызметі бойынша өсімпұлды алып тастау акциясы басталады

Новости партнеров