Астанада электросамокат мінген жасөспірім қалай аман қалды

14.08.2026 14:46

Полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр

Астанада электросамокат тізгіндеген 3 жасөспірім автобус астында қала жаздады, деп хабарлайды Almaty.tv  

Оқиға кеше елорданың ірі көшелерінің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірімдер аялдамаға кіріп келе жатқан автобус пен бордюрдің арасынан өтпек болған. Екеуі өтіп үлгергенімен, үшіншісі қоғамдық көліктің астына түскен. Самокаты оның дөңгелегі астында қалып кеткен және автобустың алдыңғы әйнегін сындырған. Абырой болғанда, жасөспірім аман қалды. Полицияның мәліметінше, ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер тексергеннен кейін амбулаториялық емге жіберілген.

Қазір полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: Полицейлер жоғалған тұрғынды дронның көмегімен іздеп тапты

Толық көрсету