Астанада ер адам LRT құрылысына асылып қалған

24.09.2024 16:20

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды

Almaty.tv

Астанада ер адам LRT құрылысына асылып қалған. Қайғылы оқиға елордадағы Нәжімеденов көшесінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан ақ жейде, қара шалбар киген азаматтың құрылыс нысанындағы темір бағанына асылып қалғанын көруге болады. Қалалық полиция марқұмның жеке басын анықтады Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: Астанада жүргізуші куәлігін сатып алуға көмектесемін деген алаяқ ұсталды