Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді
Алматы әкімінің орынбасары болған Ержан Бабақұмаров кісі қолынан қаза болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қайғылы жағдай түнде Астанада болған. Құзырлы органның дерегінше, Ержан Бабақұмаров таныстарымен бірге отырған екен. Жиналғандар арасында кикілжің туып, арты төбелеске ұласқан. Соның салдарынан дене жарақатын алған экс-шенеунік мерт болған.
Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін мәдениет және ақпарат вице-министрі, Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, Президенттің кеңесшісі болған еді
«Алдын ала анықталғандай, бұрыннан таныс адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. 56 жастағы ер адам алған жарақаттарының салдарынан көз жұмған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп, тексеру жүргізілуде», - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғұмар Шыныбеков.
Оқи отырыңыз: Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырған 9 адамға үкім шықты