Аталған дерек бойынша полиция тергеуді бастады
Астанада интернет-алаяқтың құрбаны болған 20 жастағы бойжеткен өзіне қол салды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Аталған дерек бойынша полиция тергеуді бастады. Сонымен қатар интернет-алаяқтық дерегі бойынша да жеке қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысы болуы мүмкін тұлғаларды анықтауда. Құқық қорғаушылар марқұмның жақындарымен және адвокаттармен байланыс орнатқан.
Оқиғаның нақты мән-жайы мен қайғылы жағдайдың себептері тергеу барысында анықталады.
Оқи отырыңыз: Алматыда психологиялық көмек көрсетудің бірыңғай 1303 нөмірі енгізілді