Астанада кәмелетке толмаған баладан ақша бопсалағандар сотталды

Tingey Injury Law Firm/unsplash.com/
Tingey Injury Law Firm/unsplash.com/

Қылмыстық топ мүшелері жәбірленушіге психологиялық қысым көрсетіп, атыс қаруын көрсеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада кәмелетке толмаған баладан ақша бопсалаған қылмыстық топтың төрт мүшесі сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, сотталғандар жәбірленушінің шетелге оқуға баратынын және оның ата-анасының едәуір қаржысы бар екенін біліп, өзара келісіп, жасөспірімнен 20 миллион теңге талап еткен.

Қылмыстық топ мүшелері жәбірленушіге психологиялық қысым көрсетіп, атыс қаруын көрсеткен. Соның нәтижесінде олар 4 миллион теңге көлемінде ақша алған.

Кейін топтың екі мүшесі жәбірленушіден тағы 100 мың теңге алмақ болған сәтінде қолға түсті. Жедел іздестіру шаралары барысында қалған екі күдікті де ұсталды.

"Сот барысында мемлекеттік айыптаушының дәлелдері толық көлемде расталып, сотталғандардың кінәсі дәлелденді. Оларға Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша (қорқытып алу) айып тағылды. Сот үкімімен әрқайсысы 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық өтелді. Сондай-ақ моральдық залал ретінде 2 миллион теңге өндірілді", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қорқытып алу әрекеті үшін 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұл қылмыс үшін кейбір жағдайда 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

Оқи отырыңыз: Атырауда 37 жастағы тұрғын 1 келіден астам синтетикалық есірткімен ұсталды

Новости партнеров