Астанада қонақүй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды

16.10.2025 10:55

Зардап шеккендер жоқ

ТЖМ

Астанада ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 60-қа жуық адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астананың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүйде өрт шықты. 2-ден 5-қабатқа дейінгі электр қалқандарында электр сымдары жанып, жалпы 12 метр аумақты шарпыған.

ТЖД күштерімен 50 адам эвакуацияланды. Тағы 8 адам, оның ішінде 2 бала, үш иінді саты мен арнайы құтқару маскаларының көмегімен құтқарылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі өрт толық сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды