Астанада көпқабатты үйден шыққан өрттен үш бала қаза тапты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Күйік алған әйел ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

12 сәуірге қараған түні Астанада көпқабатты үйлердің бірінен шыққан өрт салдарынан үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Есіл ауданы, Түркістан көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден шыққан.

Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жеткен. Алғашқы бөлімшелер келген кезде пәтерді қызыл жалын жайлап кеткен.

Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды.

"Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды", - делінген хабарламада.

ТЖМ күштері жоғары қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетінше шыққан. Өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза болғандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай бақылауда.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында көлік апатынан бір адам қаза тапты

Новости партнеров