Астанада көшеде бойжеткенге тиіскен ер адам қамауға алынды

16.10.2026 19:49

Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған

Астанада көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің соңынан еріп, оның денесіне қол жүгірткен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv  

Жағымсыз жағдай бойынша қыз полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары 27 жастағы азаматты қолға түсіріпті.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған.

Оқи отырыңыз: Қызылордада ана мен сәбиді қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Толық көрсету