Астанада қылмысын өтеп шыққандарды уақытша баспанамен қамту мәселесі талқыланды

19.06.2025 18:05

Жиналғандар азаматтық қоғам мен сотталғандар арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою тетігін ұсынды

Almaty.tv

Елордада жазасын өтеп шыққан азаматтарды қоғамға қайта бейімдеп, жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды. Іс-шараға енді бостандыққа жіберілетін жандар мен бұрын істі болғандарды қолдау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиналғандар азаматтық қоғам мен сотталғандар арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою тетігін ұсынды. Олардың құжаттарын реттеп, уақытша баспанамен қамту тәсілдері де қаралды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер қылмыстың қайталанбауына және бұрын сотталғандардың қоғамға бейімделуі үшін маңызды деп атап өтті.

«Жазасын өтеп жатқан әрбір адам үшін бостандыққа шығу – маңызды әрі жауапты кезең. Бүгін мекемеден 4 сотталушы еркіндікке шығады. Олардың екеуі Өзбекстан тумасы. Олар тәртібімен, түзелуге деген ұмтылысы арқылы қоғамға қайта оралуға дайын екенін дәлелдеді», – деді Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 3 мекемесі бастығының орынбасары Мақсат Баймолдинов.

Оқи отырыңыз: Владислав Челах рақымшылыққа іліге ме