Астанада Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

30.04.2026 21:36

Іс-шараға тарихшылар, жас зерттеушілер, кітапхана ісінің мамандары, сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан, Словакия және Чехия елдерінен келген ғалымдар қатысты

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Іс-шараға тарихшылар, жас зерттеушілер, кітапхана ісінің мамандары, сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан, Словакия және Чехия елдерінен келген ғалымдар қатысты. Конференция барысында қатысушылар Әлихан Бөкейханның ағартушылық мұрасының қоғамдық-саяси маңызы мен қайраткердің ұлттық ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады.
Сонымен қатар Чехия, Словакия, Франция және Швейцарияның кітапханалары мен музей қорларынан, сондай-ақ шетел архивтерінен табылған құжаттар таныстырылды.

Оқи отырыңыз: Кино өндірісі: Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірлескен тың жобаларды ұсынбақ