Астанада LRT жылжымалы құрамы сынақтан сәтті өтті

26.03.2026 13:53

Сынақ барысында пойыздар жобалық 80 км/сағ жылдамдыққа жетті

Almaty.tv

Астанада LRT жылжымалы құрамы сынақтық пайдалану кезінде 80 км/сағ ең жоғары жылдамдықпен қатынады, деп хабарлайды Almaty.tv елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

LRT желісін сынақтық пайдалану аясында «Әуежай» стансасынан «Нұрлы жол» стансасына дейінгі учаскеде жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның жоспарлы сынақтары жүргізіліп жатыр.

Сынақ барысында пойыздар жобалық 80 км/сағ жылдамдыққа жетті.

Жүргізілген сынақтар қозғалысты басқару, байланыс және дабыл жүйелерінің белгіленген режимде дұрыс жұмыс істейтінін растады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 380 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіледі

 

Теги: Астана