Бір топ оқушы қоқыс жинаса, тағы бірі жылыжайға түрлі өсімдік отырғызды
Астанадағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектептің маңайында да кезекті “Таза бейсенбі” экологиялық акциясы өтті. Оған 50-ден астам оқушы қатысып, мектеп аумағын тазартуға және көгалдандыруға күш салды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Бір топ оқушы қоқыс жинаса, тағы бірі жылыжайға түрлі өсімдіктер отырғызды. Әр аумаққа мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері мен белсенділер бекітіліп, олар қоқыс жәшіктерін орнату, жаяу жүргіншілер жолын жөндеумен айналысты.
«Бүгін – «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы экологиялық күн. Міндет –тек сыпыру, тазалау жұмысы емес, жалпы баланың бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Өйткені ертеңгі күні «қазақтың даласын, жерін сүй» деп ауызша айтқаннан гөрі, елге, жерге құрмет көрсетудің жолын біз тәрбиелеу арқылы көрсетеміз», - деді
С. Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейінің директоры Гүлжан Төлеу.
Оқи отырыңыз: Алматылық студенттер Іле Алатауы ұлттық паркінде өткен экоакцияға қатысты