Астанада мопед жүргізушісін көлік қағып кетті

25.09.2024 08:38

Полицейлер жағдайға қатысты пікір білдірді

instagram.com/astana_brothers

Желіде Астанадағы көлік көп жүретін көше қиылысында мопед жүргізушісін көлік соқққан видео тарап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видео авторы көлік жүргізушісі мопед мінген курьерге соқтығысқанын айтты.

Полицейлер жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Тұран мен Бұқар жырау көшелерінің қиылысында Nissan автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылған кезде түзу келе жатқан мопедпен соқтығысқан. Апат салдарынан мопед жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Астана полициясы.

Полицейлер басқа мәліметтерді жарияламады, бірақ пікір қалдырған куәгерлер мопед жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелі арқылы мопедін жетектеп емес, теуіп өткенін жазды.

Оқи отырыңыз: Ұлыбританияда бірнеше қаланы су басты