Астанада өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған алаяқ сотталды

15.10.2025 16:20

Сот барысында кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өтегені ескерілді

ЖИ көмегімен жасалған

Астанада өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған алаяқ сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала тұрғыны жүргізуші куәлігін жасап беремін және көлікті қайта рәсімдеуге көмектесемін деп бірнеше адамды алдаған. Ол жәбірленушілерден 1 миллион теңгеден астам ақша алып, уәдесін орындамай, қаражатты өз қажетіне жұмсаған. Сот барысында кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өтегені ескерілді. Нәтижесінде оған 3 жылға бас бостандығын шектеу және пробациялық бақылау түріндегі жаза тағайындалды

Оқи отырыңыз: Үндістанда автобус өртеніп, 20 жолаушы қаза тапты