Астанада полицейлер батпаққа батып кете жаздаған әйелді құтқарды

03.08.2025 11:18

Әйел қала сыртына демалуға кетіп, қайтып оралмаған

polisia.kz

Астанада полицейлер батпаққа батып қалған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Астана қаласының полициясына жергілікті тұрғын жүгінді. Ол өзінің 33 жастағы әпкесі жоғалып кеткенін хабарлаған.

Оның айтуынша, әпкесі танысымен бірге қала сыртында демалуға кеткен және бір тәуліктен бері үйіне оралмаған.

"Жоғалған әйелді іздеу бойынша бағдар барша полиция бөлімшелеріне дереу жолданды. «Анықталғандай, таза ауада демалып отырған сәтте әйел танысымен сөзге келіп, сол жерден жаяу кетіп қалған. Кейін, түнгі сағат 11.00-ден кейін оның телефоны сөндірулі болған", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мен Ақмола облысы ТЖД мамандарының бірлескен жұмысы нәтижесінде, бір тәуліктен соң жоғалған әйел табылды.

Ол беліне дейін батпаққа батып қалған. Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырып, қызды лайдан шығарып алған соң, дәрігерлерге тапсырды.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында жоғалған әйел тірі және дін аман табылды.

Оқи отырыңыз: Қарағанды ЖЭО-ын жаңғыртуға 44 млрд теңгеден астам инвестиция салынды