Астанада пранк жасаған тұрғын 10 тәулікке қамауға алынды

21.08.2025 15:53

Ол қорқынышты костюм киіп, қызды әдейі шошытқан

ЖИ көмегімен жасалған

Астанада пранк жасаған 26 жастағы ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі шошытқан. Желіде тараған видеодан зәре-құты қалмаған бойжеткеннің баспалдақпен кері жүгіремін деп құлаған сәтін байқауға болады. Құзырлы орган ұсақ бұзақылық жасағаны үшін «әзілқой» азаматты қамауға алды. Полиция мұндайға жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында мал ұрлығы өршіп тұр