Астанада Республика күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр

Мыңдаған қала тұрғыны «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңға жиналды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада да Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Мыңдаған қала тұрғыны «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңға жиналып, ұлық мерекені ерекше көңіл күймен атап өтуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мұнда арқан тарту, асық ату сияқты ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылған. Ал аз уақыттан кейін ашық аспан астында отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен Open Air концерті өтеді.  

Астанадағы «Қазақ елі» монументі маңында Республика күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтуде. Бүгін елорда тұрғындары демалыс күнін мерекелік көңіл күймен қарсы алып, түрлі ұлттық ойын мен мәдени іс-шараларға қатысып жатыр. Мұнда арқан тартыс, асық ату сияқты ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар қазақ дәстүрін дәріптеп, мерекенің көркін келтіруде.

Тұрғындардың әңгімесінен Республика күніне деген ерекше құрмет пен қуанышты айқын сезуге болады.

Айта кетейік, мереке қарсаңында елордада 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Ал дәл осы алаңда мерекелік күнді қазақстандық эстрада жұлдыздарының ашық аспан астында өтетін концерті қорытындылады.

Оқи отырыңыз: Бірнеше облыстың жүргізушілеріне ескерту жасалды

Новости партнеров