Астанада үстіне кондиционер құлаған фельдшердің жағдайы әлі де өте ауыр

11.11.2025 14:40

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкіметтегі баспасөз мәслихатында айтты

Астанада үстіне кондиционер құлаған фельдшердің жағдайы әлі де өте ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкіметтегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, дәрігерлер зардап шеккен әріптестерінің сауығып кетуі үшін бар күшін салып жатыр.

Еске салайық, өткен сенбіде Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын үйдің қасбеті мен ауа баптағышы опырылып, бес адам жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында көмекке келген фельдшер де бар.

 «Иә, әріптесіміз, біздің жас фельдшер маман сондай бір өте ауыр жағдайда жатыр, шынын айту керек. Ол жансақтау бөлімнде ем қабылдап жатыр, жағдайы ауыр. Қазір денсаулық сақтау жүйесі, елдегі мамандармен бірігіп, консилиуммен шешім қабылдап, барлық көмек түрін көрсетіп жатырмыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов.

Оқи отырыңыз: Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлады: зардап шеккен 2 адам жансақтау бөлімінде жатыр