Куәгерлердің айтуынша, оның қолында пышақ болған
Астанада жартылай жалаңаш ер адам көшеде жүрген тұрғындардың үрейін тудырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Куәгерлердің айтуынша, оның қолында пышақ болған. Оқиға сәті бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Видео авторларының мәліметінше, ер адам Достық пен Республика көшелерінің қиылысында пышақ ұстап біреуді қуып жүргендей әрекет жасаған. Біраз уақыттан кейін ол жолдың үстінде қалдырған көлігіне қайта оралып, оқиға орнынан кетіп қалған. Аталған жағдайға қатысты полиция күдіктінің жеке басы анықталғанын хабарлады.
«Құқық бұзушы адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол уақытша ұстау бөлімесіне қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды», – деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы Аружан Бектасова
Оқи отырыңыз: Қалта ұрлығының алдын алу: Алматыда полиция тұрғындарға жадынама таратты