Ол дереу медициналық мекемеге жеткізілген
Астанада жеңіл көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіндегі көкөніс дүкенінің тас талқанын шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға кеше Бөлекбаев көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті 18 жастағы қала тұрғыны басқарған. Апат кезінде дүкен ішінде 15 жастағы қыз болыпты. Ол дереу медициналық мекемеге жеткізілген. Аталған дерек бойынша полиция тексеру жұмыстарын бастап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша заң аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Оқи отырыңыз: Көлік министрлігі ауыр салмақты автокөлік құралдарына бақылауды күшейтті