Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

04.05.2025 14:43

Екі жерде ұйымдастырылатын отшашудың әрқайсы 4 мыңға жуық рет атылады

Аlmaty.tv

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік отшашу өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отшашу 9 мамырда сағат 22.00-де екі жерде: Ботаникалық бақта және «Атырау» көпіріне іргелес аумақта ұйымдастырылады. Әр жерде 4 мыңға жуық рет атылады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Оның ішінде концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер және т.б. өтеді.

Айта кетейік, парадтың тікелей көрсетілімін AlmatyTV телеарнасынан көре аласыз.

Оқи отырыңыз: Астанада 7 мамырда өтетін әскери шеру: нені ескеру керек