Астанада алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл елордадағы жылу беру нысандарындағы 24 қазандық пен 9 турбинаға жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, дайындық жұмыстары көктемде басталған. Негізгі мақсат – жылу энергетикасы нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, инженерлік инфрақұрылымның сенімділігін арттыру. Биыл бірінші және екінші жылу электр орталығында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, «Телман» газ жылу станциясы іске қосылмақ.
Оқи отырыңыз: Жылыту маусымы: Алматыда қатты отын тұтынатын үйлер қатаң бақылауға алынды