Астанада жылу тарифі 20 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін

08.07.2026 13:53

Компаниялар мұндай өсімге бірнеше себеп келтірген

Астанада жылу тарифі 20 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қаладағы екі жылу өндіруші компания қызмет көрсету бағасын көтеру туралы өтініш берген.

Атап айтқанда, «Астана-Энергия» тарифті 16,9 пайызға, ал «Астана-Теплотранзит» 12,63 пайызға арттыруды сұраған.

Компаниялар мұндай өсімге бірнеше себеп келтірген. Олардың қатарында отын бағасының қымбаттауы, қазандықтарды ұстауға кететін шығындардың артуы, салықтардың өзгеруі және инфляция бар.

Тарифті көтеру туралы шешім қабылданған жағдайда, астаналықтардың жылу үшін төлейтін ақысы тамыз айынан бастап өзгеруі мүмкін.

Оқи отытыңыз: Бас прокуратура Құрылтай сайлауына қатысты үндеу жариялады