Кездесу барысында Қазақстан Халық кеңесі қызметінің негізгі бағыттары талқыланды
Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және жастармен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесу барысында Қазақстан Халық кеңесі қызметінің негізгі бағыттары, қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту және ел бірлігін нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі талқыланды.
Сондай-ақ жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен ашық диалогты дамыту мәселелері сөз болды.
Жиын соңында қатысушылар өз ұсынысын ортаға салып, алдағы бірлескен жұмыстың бағыттарына тоқталды.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады