Астанадағы жәрмеңкеде фермерлер 400 тоннадан астам өнім ұсынды

21.09.2025 20:55

Жәрмеңкеде Абай және Атырау облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өнімдерін ұсынды

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

20-21 қыркүйек күндері Астанада Абай және Атырау облыстарының тауар өндірушілерінің кезекті өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жәрмеңкеде Абай және Атырау облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ет, балық, сүт өнімдері, бакалея, көкөніс пен жеміс-жидектер сынды әртүрлі өнімдерді тікелей фермерлерден ұсынады. Бұл өз кезегінде азық-түліктің қолжетімділігін арттырып, отандық өндірушілерді қолдауға септігін тигізеді. 

Атап айтқанда, өңірлік тауар өндірушілер шамамен 400 тонна өнім әкелген. Оның ішінде 140 тонна ет және ет өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 70 тонна бал, 50 тонна бақша өнімдері, 25 тонна балық, 15 тонна сүт өнімдері және шамамен 20 тонна өзге де азық-түлік өнімдері бар.

Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары өнімдерді фермерлерден тікелей сатып алып қана қоймай, өңірлік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Жәрмеңке сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Kitap Fest 2025: Алматы күнінде 10 мыңнан аса кітап сатылды