Астанадағы жол апаты: Tesla-мен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті

Жеңіл тұлпарды тізгіндеген 49 жастағы әйел басты жолмен келе жатқан жүк көлігін өткізбеген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Tesla-мен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті. Полицияның мәліметінше, оқиға айналма жолдағы көпірге көтерілетін айрықта болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жеңіл тұлпарды тізгіндеген 49 жастағы әйел басты жолмен келе жатқан жүк көлігін өткізбеген. Салдарынан екеуі соқтығысып, ассенизатор жолдың қоршауын бұзып, көпірден төмен құлаған. Рөлде болған ер адам медициналық мекемеге жеткізіліпті. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

«71 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі қажетті медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деді Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Қапаров.

Оқи отырыңыз: Заңсыз жұмыстан шығарылған 18 адам қызметіне қайта оралды